30 қыркүйек 2019 09:18

Алматыда жол апатына кінәлі мас жүргізуші оқиға орнынан жаяу қашпақ болды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Суреттер СТВ телеарнасындағы "Территория происшествий" бағдарламасынан Суреттер СТВ телеарнасындағы "Территория происшествий" бағдарламасынан

Nissan жүргізушісі Алматыда бірнеше көліктің соқтығысуына себеп болып, қашып кетуге тырысты, - деп хабарлайды СТВ телеарнасындағы "Территория происшествий" бағдарламасының тілшісі. 


Nissan жүргізушісі Алматыда бірнеше көліктің соқтығысуына себеп болып, қашып кетуге тырысты, - деп хабарлайды СТВ телеарнасындағы "Территория происшествий" бағдарламасының тілшісі. 

Nissan Жандосов көшесімен батыс бағытқа қарай жүріп бара жатқан. Жүргізуші Айманов көшесінен бұрылып жатқан Volkswagen көлігін байқамай, оған үлкен жылдамдықпен соққан. Бұл соққыдан неміс иномаркасы қарсы жолаққа шығып, үлкен жылдамдықпен келе жатқан Mitsubishi Outlander автокөлігіне соқтығысқан.

Mitsubishi көлігінде болған қыз түрлі жарақатпен ауруханаға жеткізілді. 


Суреттер СТВ телеарнасындағы "Территория происшествий" бағдарламасынан

Көптеген куәгердің айтуынша, Nissan жүргізушісі мас болған және жаяу жол-көлік оқиғасы болған жерден кетіп қалуға тырысқан. Бірақ бұған басқа жүргізушілер мен куәгерлер жол бермей, оны полицейлер қолына тапсырған. 

Апатты тексеру үшін ол аудандық ішкі істер бөліміне жеткізілді. 

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 444.26   490.7   4.83 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети