15 шілде 2022 09:29

Алматыда жолда төбелес шығып, екі адам соққыға жығылған

Сұлу Бөлек Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Видео кадры Видео кадры

Алматыда кішігірім жол апатына түскен екі ер адам соққыға жығылды. Жәбірленушілердің туыстары шабуыл жасағандар жазадан құтылып кете ме деп алаңдап отыр, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі "Астана" телеарнасына сілтеме жасап. 


Алматыда кішігірім жол апатына түскен екі ер адам соққыға жығылды. Жәбірленушілердің туыстары шабуыл жасағандар жазадан құтылып кете ме деп алаңдап отыр, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі "Астана" телеарнасына сілтеме жасап. 

Бөкейханов көшесінде төбелес болды. Видео әлеуметтік желіде тарап кетті. Кадрларда көлік Daewoo Matiz-дің жолын кесіп өткені көрсетілген. Кейін жанжал басталып, арты төбелеске айналған. Салдарынан екі ер адам ауруханаға жеткізілді. Олар ауыр жараланған.

Жәбірленушілердің бірінің анасы жақын жерде куәгерлер болмаса, оларды өлтіруі мүмкін еді дейді. 

"Ми шайқалған, бассүйек жарақаты, соққы тиген жерлері қатты көгерген, баламның иығы соғылған, тістері сынған. Мен бәрін түсінемін, жолда бәрі болуы мүмкін. Жүргізушілер бір-бірін кесіп, соқтығысып, балағаттап жатады. Оқиға түнде болса, куәгерлер де болмаушы еді, оларды сол жерде өлтіріп кетуші еді", - дейді жәбірленушінің анасы Елена Картавых.

Полиция шабуыл жасағандардың аты-жөні анықталғанын хабарлады. "Бұзақылық" бабы бойынша тергеу жүргізіліп жатыр. Қылмыскерлер екі жылға бас бостандығынан айырылуы мүмкін.

"Қазір жәбірленушілердің алған жарақатының ауырлығын анықтау үшін сот-медициналық сараптамалар тағайындалды. Сонымен қатар, істің объектив мән-жайларын анықтауға бағытталған қажетті тергеу әрекеттері жүргізіліп жатыр", - деді Алматы Полиция департаментінің ресми өкілі Салтанат Әзірбек. 

Алайда соққыға жығылғандардың туыстары полицейлермен келіспейді. Олар жазаны қайта қарастыру керек дейді.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 441.44   490.7   4.82 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети