22 ақпан 2022 08:36

Алматыда жүкті әйел қару-жарақ дүкенін тонауға қатысқан

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фото: polisia.kz Фото: polisia.kz

Алматыда жүкті әйел қару-жарақ дүкенін тонауға қатысқан, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.


Алматыда жүкті әйел қару-жарақ дүкенін тонауға қатысқан, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.

Әуезов аудандық ПБ жанындағы полиция бөлімінің мәліметінше, жетінші баласын күтіп жүрген әйел күйеуіне мылтық, тапанша, патрондар және басқа да оқ-дәрілерді ұрлауға көмектескен.

"Үйдің ішін тінту кезінде тәркіленгендердің арасында тоғыз сайга стволы, екі мылтық, винтовка, тапанша, патрондар, резеңке дубинка, ағаш биталар, сапер күрегі мен радиостанциялар болды. 25 жастағы Т. есімді ер адам ұрланған қару-жарақ салынған бумаларды жеке үйінің алдындағы аумаққа көмген. Сондай-ақ, күдіктінің мінген көлігі де анықталды. Бұл кезде оның қасында әйелі болған, ол күйеуінің ойланбай жасаған әрекетін, қылмыс жасауын тоқтатудың орнына ұрланған заттар салынған жәшіктерді көлікке тиеуге белсене көмектескен", - деді Алматы қалалық Полиция департаменті басшысының орынбасары Берік Әбілбеков.

Заттай айғақтар тәркіленді. Аталған дерек ҚР ҚК-нің 291-бабы 3-бөлігімен (Қаруды, оқ-дәрілердi, жарылғыш заттар мен жарылыс құрылғыларын жымқыру не қорқытып алу) квалификацияланған. Әйелдің әрекетіне құқықтық баға берілетіні айтылады.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 441.41   490.7   4.75 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети