25 шілде 2022 16:57

Алматыда жұртты алдап, 300 миллион теңгесін алып кеткен әйел ұсталды

Сұлу Бөлек Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Алматыда алаяқтық жасады деген күдікпен әйел ұсталды. Полицейлер мәліметінше, әйел тендер ұтып алуға көмектесемін деп, алматылықтарды 300 миллион теңгеге алдап кеткен - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Әуезов ауданы полицейлері 37 жастағы С. есімді әйелді ұстаған.

"Қылмыстық іс материалына сәйкес, күдікті "жақсы таныстары барын" айтып, адамдарға тендерлерге қатысуға, оны жеңіп алуға көмектесуге уәде берген. Қазір біздің бөлімшеде С. есімді әйелдің қатысы бар бес қылмыстық іс тергеліп жатыр. Жәбірленушілерге келтірген материалдық шығын көлемі 300 миллион теңге. Күдікті қазір қамауда отыр. Соталды тергеу жалғасып жатыр. Әйелдің басқа да эпизодтарға қатысы бар-жоғы анықталады", – деді Әуезов аудандық ПБ бастығы Ұлан Әбілқайыр.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 442.05   490.7   4.74 

Ауа райы

Редакция Жарнама
Социальные сети