22 ақпан 2022 11:55

Алматыда кәсіпкерлерден ақша бопсалаған алаяқтар ұсталды

Дина Шарипханова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Иллюстрациялық фото: elements.envato.com Иллюстрациялық фото: elements.envato.com

Алматыда бақылаушы органдар атын жамылып, кәсіпкерлердің ақшасын иемденіп кеткен алаяқтар тобы әшкереленді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Алматы прокуратурасына сілтеме жасап.


Алматыда бақылаушы органдар атын жамылып, кәсіпкерлердің ақшасын иемденіп кеткен алаяқтар тобы әшкереленді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Алматы прокуратурасына сілтеме жасап.

Ведомство мәліметінше, "Нұр-Сұлтан Пром Безопасность" жеке компаниясының қызметкерлері төтенше жағдайларды жою мамандары орнына кәсіпкерлерге тексерулер ұйымдастырған. Айыппұл саламыз деп қорқытқан алаяқтар кәсіпкерлерді өрт қауіпсіздігі қызметі үшін 60 мың теңгеге дейін төлеуге мәжбүрлеген.

"Қылмыстық схема жүйелі сипатқа ие болған. Қазіргі уақытта қаланың Наурызбай және Әуезов аудандарында 30-дан астам жәбірленушінің аты-жөні анықталды. Мұндай заңсыз әрекеттер бизнеске қысымды төмендету бойынша жүргізіліп жатқан мемлекеттік шаралардың беделін түсіріп, зиян тигізіп жатыр", - деді қалалық прокуратура баспасөз қызметі өкілдері. 

Елімізде 2023 жылға дейін ШОБ субъектілерін тексеруге мораторий енгізілгені айтылды.

"Дерек бойынша Наурызбай ауданының прокурорлары соталды тергеу амалдарын бастады. Алаяқтық жасады деген күдікпен 1991 және 1995 жылы туған екі адам ұсталды. Олар сот санкциясы бойынша қамауға алынды.

Бұл тұлғалардың заңсыз әрекеттеріне қаланың басқа аудандарындағы кәсіпкерлер де ұшырауы мүмкін еді. Сондықтан мұндай жағдайларда Наурызбай аудандық полиция бөліміне: 254-44-62, 8-747-297-37-26 телефондары немесе прокуратураның мобильді тобына 8-701-775-55-00 нөмірі бойынша қоңырау шалуды сұраймыз", - деп қосты қадағалау органы өкілдері.

2021 жылы прокуратураның мобильді тобына кәсіпкерлерден 218 дабыл түскені хабарланды. Олардың айтуынша, прокурорлық қадағалаудың сегіз актісі енгізіліп, 1500-ден астам адамның құқығы қорғалған. Сондай-ақ, 39 тұлға тәртіптік жауапкершілікке, 26 тұлға әкімшілік жауапкершілікке тартылған, 120 заңсыз тексерудің күші жойылған.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.2   490.7   4.82 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети