04 қыркүйек 2018 15:29

Алматыда қоғамдық көліктерде ұрлық жасағандар ұсталды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Алматыда қоғамдық көліктерде ұрлық жасағандар ұсталды, - деп хабарлайды Тengrinews.kz тілшісі Алматы ІІД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.


Алматыда қоғамдық көліктерде ұрлық жасағандар ұсталды, - деп хабарлайды Тengrinews.kz тілшісі Алматы ІІД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

ІІД Криминалдық полиция басқармасының бөтеннің затын ұрлау істерін анықтау бөлімінің мамандары екі қалта ұрысын ұстады. Олардың бірі - әйел, оның негізгі қызметі ойламаған жағдай кезінде сақтандыру қызметін атқарады. 

"Бүгін № 135 бағытында жүретін автобуста азаматша О-ның Samsung маркалы телефоны ұрланған. Осы іске қатысты екі адам ұсталды, олар жәбірленушімен бірге автобусқа отырған. Ер адам көліктегі адамдарды тонаумен айналысып жатқан кезде, әйел адам автобустағылардың зейінін басқаға аударып отырған. Қазіргі уақытта олардың басқа да істерге қатысы бар жоғы тексеріліп жатыр. Олар өз кінәсіңн мойындап, ұрлаған заттарын яғни заттай айғақтарды қайтарып берді", - деді Алматы қалалық ІІД КПБ басшысы, полиция подполковнигі Есен Ысқақов. 

Осы уақытта басқа бағытта кетіп бара жатқан автобуста тағы бір ер адам ұсталып, одан ұрланған телефон тәркіленді. 

"Қалта ұрлау классикалық стильде істелген - жәбірленуші басқа нәрсемен алаңдаулы болған сәтте қаскөй қолын әйелдің сөмкесіне салып, құжаттар мен ақшасы бар әмиянын суырып алған. Бұл қылмыстық оқиға 106 бағытта жүретін автобустың ішінде болған. Екі дерек бойынша Әуезов ІІБ және Жетісу ауданы бойынша сотқа дейінгі тергеу шаралары ҚР Қылмыстық кодексінің 188-бабы бойынша іс қозғалды", - деді Ысқақов. 

Сонымен атар, Алматы полициясы азаматтардың өз заттарына ие болудағы қарапайым қауіпсіздік шараларын сақтауды еске салады." Оқу жылы басталғанға байланысты, қоғамдық көліктерде жолаушылар саны артады, бұл қалта ұрылары үшін жақсы мүмкіндік. Заттарыңызды қолдарыңызда ұстаңыздар немесе ішкі қалталарда сақтаған жөн", - дейді полицейлер.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.35   490.7   4.83 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети