08 ақпан 2023 14:13

Алматыда көлік ұрламақ болғандардың сәтсіз әрекеті видеоға түсіп қалды

Гүлнара Досымшалова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Алматыда Toyota Camry XV55 көлігін ұрламақ болғандардың сәтсіз әрекеті бейнебақылау камераларына түсіп қалды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Алматыда Toyota Camry XV55 көлігін ұрламақ болғандардың сәтсіз әрекеті бейнебақылау камераларына түсіп қалды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Оқиға 4 ақпанда таңертең Ақкент шағынауданындағы көпқабатты үйдің жерасты тұрағында болған. Белгісіз біреулер тұрғындардың бірінің көлігін ұрламақ болған. Олардың бұл әрекеті Tengrinews.kz оқырманы ұсынған видеоға түсіп қалған.

Кадрларда ер адамның таңғы 6-лар шамасында жерасты автотұрағына кіріп, Toyota Camry көлігін айналып өтіп бара жатқанын көруге болады. Осы кезде оның сыбайласы тұрақ есігін ашқанын айтады. Содан кейін ұры Toyota Camry-ге жақындап, оған мініп, көлікті оталдырып, тұрақтан шықпақ болады. Тұрақтан шыға берісте көлік тоқтап қалды.

Видеода сөйлеп тұрған адам көлік иесі сол кезде көлік дабылының басқару пультіндегі түймені басқанын, содан кейін көліктегі ұрлыққа қарсы жүйе іске қосылғанын және оның бұғатталғанын айтады.

Көлік ұрылары біраз уақыт көлікті жүргізуге тырысады. Алайда олардың бұл әрекеті нәтиже бермей, қылмыскерлер асығыс қашып құтылады.

Қалалық полиция департаменті бұл деректің орын алғанын растап, күдіктілер іздестіріліп жатқанын айтты.

"4 ақпанда Ақкент ықшамауданындағы үйлердің бірінде көлік ұрлау әрекеті орын алды. Тергеу амалдарын Алатау ауданының полиция бөлімі жүргізіп жатыр. Бұл қылмысты ашу үшін арнайы жедел-тергеу тобы құрылды", - деді Алматы қалалық Полиция департаментінің баспасөз қызметі.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.37   490.7   4.81 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети