01 маусым 2022 11:03

Алматыда қомақты қаржы шетелге заңсыз шығарылмақ болған

Дина Шарипханова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Көрнекі сурет: unsplash.com Көрнекі сурет: unsplash.com

Алматыда жалпы сомасы 550 мың доллар және 26 910 еуро болатын қаражатты шетелге заңсыз шығару әрекеті анықталды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Қаржы мониторингі агенттігіне сілтеме жасап.


Алматыда жалпы сомасы 550 мың доллар және 26 910 еуро болатын қаражатты шетелге заңсыз шығару әрекеті анықталды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Қаржы мониторингі агенттігіне сілтеме жасап.

"2022 жылдың басынан бері Алматы қаласының халықаралық әуежайында жалпы сомасы 550 мың АҚШ доллары және 26 910 еуро болатын қаражатты декларациядан өткізбей шығарудың 2 дерегі және 20 әкімшілік факт анықталды", - делінген хабарламада.

ҚМА мәліметінше, бұл бағытта жұмыстар жалғасып жатыр.

Сондай-ақ, ҚМА шетелдік валютадағы қолма-қол ақша және ақша құралдары 10 000 АҚШ доллары баламасынан аспауы керек екенін еске алды.

ҚМА мәліметінше, Қазақстан Республикасы заңнамасы талаптарын бұзғаны үшін әкімшілік және қылмыстық жауапкершілік қарастырылған. Сондай-ақ, сот шешімі бойынша ақша мен тауарлар мемлекет пайдасына тәркіленуі мүмкін.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 439.43   490.7   4.81 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети