Алматыда қызға шабуылдаған жігіт психдиспансерге жеткізілді

22 Мамыр 2018, 11:36
0
Алматыда қызға шабуылдаған жігіт психдиспансерге жеткізілді - видеодан үзінді
видеодан үзінді

Алматы ІІД өкілдері қызға шабуыл жасаған жігітке қатысты пікір білдірді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Алматы ІІД ресми өкілі Салтанат Әзірбектің айтуынша, 1988 жылғы жігіт жат қылық көрсеткен. Ол оқиға орнында ұсталды. 

"Дәрігерлер шақырылды, оны Каблуковадағы қалалық психоневрологиялық орталыққа жатқызу туралы шешім шығарылды. Қыздың жағдайы жақсы. Ол 7-сыныпта оқиды екен. Қыздың анасы шабуылға байланысты полицияға арыз жазды. Медеу аудандық ІІБ қарамағындағы полиция бөлімі осы дерекке қатысты сотқа дейінгі тергеу шараларын бастады", - деді Әзірбек. 

Еске салайық, 21 мамырда кешкі уақытта Instagram желісіндегі 112_kz, zhest_kz және басқаларында Алматыда ер адамның ұсталған видеосы пайда болды. 

Видеоның сипаттамасында жігіттің күндізгі уақытта мектеп маңында қызға шабуыл жасап, тістелеп, артынша қылғындырғаны хабарланған. Қыз бала қашып кеткен, ал содан кейін сол маңдағы тұрғындар бұзақының қолын қайырып ұстап алған. 

"Есерсоқ, қызға шабуыл жасады, мойнынан тістеп алды. Бір бөлігін тістеп алыпты. Жігіттер оны ұстап тұр. Бастан кеткен", - делінген видеодағы дауыста. Видеода полицейлер мен дәрігерлер және кездейсоқ өтіп бара жатқан адамдардың қаумалап тұрғаны түсірілген. 

Осы жағдай туралы "Немолчи.kz" сексуалды зорлық зомбылыққа қарсы ұлттық қозғалысының ұйымдастырушысы Дина Смаилова Facebook желісінде жазды. "Бұл бүгін № 99 мектептің жанында болған оқиға дейді. Кім біледі? Нақтыланған мәлімет бар ма? Балаларға абай болыңыздар, қызды құтқарып қалғандарыңызға рақмет", - деді ол. 

 

 

Получить короткую ссылку


  • Подписаться на канал новостей TengriNews:

  • Google News
  • Yandex News
  • Yandex Zen

Нравится Поделиться
Пікір қалдырыңыз
Оқылып жатыр
Талқыланып жатыр
Бүгін
Апта
Ай