1. Басты
  2. Біл
  3. Оқиға
  4. Қылмыс

Алматыда миллион долларға жуық жалған ақша өртелді 07 желтоқсан 2021, 17:09

Алматыда жалған доллар өртелді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі қаржы мониторингі агенттігіне сілтеме жасап.
  • ПОДЕЛИТЬСЯ
  • Vkontakte
  • Facebook
  • Twitter
  • Одноклассники
  • Telegram
Новостью поделились: человек
  • Қате таптыңыз ба?

Видеодан алынған кадр

Алматыда жалған доллар өртелді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі қаржы мониторингі агенттігіне сілтеме жасап.

Агенттіктің Алматы қаласы бойынша аумақтық департаментінің қызметкерлері арнайы комиссияның қатысуымен аса ірі мөлшерде жалған шетел валютасын өртеді.

Шетел валютасы 2020 жылдың соңында жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізу кезінде анықталған.

"Қызметкерлер жедел іздестіру шарасы барысында қала тұрғыны Т.Қалиевты 293 мың АҚШ доллары сомасына жалған купюраларды өткізу кезінде ұстады. Іздестіру нәтижесінде заңсыз айналымнан 975 мыңнан аса жалған доллар тәркіленді", - делінген хабарламада.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!



Join Telegram