11 қараша 2021 17:56

Алматыда миллионға жуық жалған долларды сатпақ болған тұрғын сотталды

Дина Шарипханова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Видео кадры Видео кадры

Алматыда жалған ақша жасап, миллионға жуық жалған долларды сатпақ болған тұрғын 6 жылға сотталды. Бұл туралы Қаржы мониторингі агенттігінің баспасөз қызметі мәлім етті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Алматыда жалған ақша жасап, миллионға жуық жалған долларды сатпақ болған тұрғын 6 жылға сотталды. Бұл туралы Қаржы мониторингі агенттігінің баспасөз қызметі мәлім етті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Ведомство мәліметінше, агенттіктің Алматы қаласы бойынша аумақтық департаменті былтыр қыркүйекте жалған 100 долларлық купюраларды өткізу дерегін анықтаған.

"Қызметкерлер жедел бақылаудағы сатып алуды жүргізіп, оның барысында қала тұрғыны Қалиев 293 мың АҚШ долларына жалған купюраларды өткізу әрекеті кезінде ұсталды", - делінген хабарламада.

Тергеу мәліметтері бойынша, Қалиев 2020 жылдың қыркүйегінен қарашаға дейін номиналы 100 АҚШ доллары болатын жалған шетел валютасын бірнеше рет өткізген.

"Тінту нәтижесінде заңсыз айналымнан 975 мыңнан аса жалған доллар тәркіленді. Қалиевке 6 жылға бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды", - деді ведомство өкілдері.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 444.22   490.7   4.76 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети