Tengri FM Радиосы Радио Жұлдыз FM Қазақстан заңдары Экономика сабақтары
KZ RU EN
Бізге жазба жолдау +7 (727) 388 8124
искать через Tengrinews.kz
искать через Google
искать через Yandex
USD / KZT - 333.08
EUR / KZT - 391.50
CNY / KZT - 50.00
RUB / KZT - 5.64

Алматыда Назарбаев зияткерлік мектебінің алғашқы түлектері үшін соңғы қоңырау соғылды

25 Мамыр 2016, 18:39
0
© Tengrinews.kz
© Tengrinews.kz

Алматыда бүгін физика-математика бағытындағы Назарбаев зияткерлік мектебінің алғашқы 161 түлегі үшін соңғы қоңырау соғылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Біздің мектеп былтыр ашылды. Сондықтан да, қазір мектеп бітіріп жатқан оқушылар мұнда екі жыл ғана білім алды. Дегенмен біз осы екі жылда балаларға техникалық, яғни физика, математика, биология, химия, информатика бағытында өзіміз жоспарлаған білім бере алдық деп ойлаймын. (...) Біз осы күнге екі жыл бойы дайындалдық. Әр сыныптың өз жетекшісі бар, бұл оқушылар олар үшін де алғашқы түлек болып отыр. Биылғы түлектер мұғалімдерінің жадында да мәңгілікке сақталады", - деді мектеп директоры Олег Пак.

Директордың айтуынша, Алматыдағы Назарбаев зияткерлік мектебінің түлектері әлемдегі ең үздік оқу орындарында білім алады. "Кейбір оқушылар әлемдік жоғары оқу орындарына түсіп те қойды, кейбірі Корея мен Гонконгтың оқу орындарының грантын жеңіп алды. Ал кейбір оқушылар АҚШ-та, Ресейде білім алуды жоспарлап отыр. Көп оқушы Қазақстанда оқитын болады. Біз де бакалавриатты елімізде, ал магистратура мен докторантураны шетелде оқыған дұрыс деп есептейміз", - деді мектеп директоры.

Айта кетейік, қазір Алматыдағы Назарбаев зияткерлік мектебінде 900 бала білім алып жатыр. Қазақстан бойынша 20-ға жуық осындай мектеп бар, олардың кейбірінің ашылғанына алты жылға таяп қалды.


© Владимир Прокопенко 

Еске салайық, бүгін Алматы бойынша 6773 түлек мектеп бітірді. Қала басшысы соңғы қоңырау салтанатына қатысу үшін 1963 жылы ашылған №83 гимназияға барды. Бауыржан Байбек бүгінгі заманда сәттілікке жетудің кілті деп білім мен оқуға деген әрдайым талпыныс жасауды, жаңалыққа ұмтылуды атады.


Нравится
Поделиться
Пікір қалдырыңыз
Оқылып жатыр
Талқыланып жатыр
Бүгін
Апта
Ай