05 наурыз 2021 12:25

Алматыда өзін Антикор қызметкері ретінде таныстырған алаяқ ұсталды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Алматыда өзін Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет өкілі ретінде таныстырған алаяқ ұсталды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ведомство баспасөз қызметіне сілтеме жасап.


Алматыда өзін Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет өкілі ретінде таныстырған алаяқ ұсталды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ведомство баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

2020 жылғы желтоқсанда өзін Антикор қызметкері ретінде таныстырып, сенімге кіру және алдау арқылы ақша ұрлаған алаяқ анықталған.

"Ол О.М.Базарбайдан Алматы қаласы қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сот қарауындағы М.Сүлейменге қатысты қылмыстық іс бойынша қылмыстық жазаны жеңілдету үшін Алматы прокуратурасы мен сотының лауазымды тұлғаларына беремін деген сылтаумен бес миллион теңгені алып кеткен. 2021 жылдың ақпанында М.Сүлеймен 10 жылға бас бостандығынан айырылды", - делінген хабарламада.

Күдікті ұсталып, Алматы полициясының уақытша ұстау изоляторына қамалды. Оның кінәсі туралы соңғы шешімді сот шығарады.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Как вам дизайн сайта Tengri News?
Пройти опрос
Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 451.08   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети