Алматыда полицияға қарсы күш қолдануға үндегендердің ішінде дәрігер де бар болып шықты

14 Маусым, 17:15
0
Алматыда полицияға қарсы күш қолдануға үндегендердің ішінде дәрігер де бар болып шықты - Видео кадрынан
Видео кадрынан

Алматыда полиция рұқсат етілмеген митинг барысында күш қолдануға шақырған үш ер адамды ұстады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі қалалық полиция департаментіне сілтеме жасап. 

Олардың ішінде Алматы облысындағы ауруханалардың бірінде жұмыс істейтін 34 жастағы дәрігер бар. Құқық қорғау органдарының мәліметінше, ол танымал мессенджер арқылы жаппай тәртіпсіздікке барып, полиция қызметкеріне қарулы күш көрсетуге шақырған. 

Ұсталған соң ол өз ісіне өкінетінін айтқан. 

"Қазақстандарды интернеттегі арандатушыларға ермеуге шақырамын. Өмір сүріп жатқан әлемімізді бағалауымыз керек: жұмысымыз, ақшамыз, тамағымыз - бәрі де бар. Соны түсінбей, адасып жүр екенбіз. Ата-бабамыздан қалған азаттық пен бірлікті бағаламағаным үшін қазақстандықтардан кешірім сұраймын. Жастар қателесіп жүр. Мемлекетімізді неге жаман тұстан көрсетеміз? Олай жасамаңдар. Өз өмірімізді өзіміз құртып жүрміз. Жұмыс істеп, еліміздің дамуына өз үлесімізді қосуымыз керек. Негізі, Қазақстан өмір сүру деңгейі бойынша көптеген мемлекеттен алда тұр, ал біз оны бағаламаймыз", - деп ер адам отандастарына үндеу жасады. 

Сондай-ақ, полиция 1990 жылы туған Өзбекстан тумасы мен 1987 жылы туған Қызылорда облысының тумасын ұстады. 

"Мен Өзбекстан тумасымын. Қазір өз әрекетім мен WhatsApp арқылы таратқан үндеулеріме қатты өкінемін. Жақындарым мен туыстарымды жаман істерге бармауға шақырамын. Біреуге зорлық-зомбылық көрсетуге болмайды, оны түсінемін. Өмірімде енді мұндай әрекеттерге бармаймын деп уәде беремін. Өз мемлекетіңді сатуға болмайды. Бұл тату отбасына бұзғанмен тең", - деді ұсталған азамат.

Полицияның ақпараты бойынша, үш күдікті де уақытша ұстау изоляторына қамалған. Оларға ҚР Қылмыстық кодексінің 272-бабы, 3-бөлімі бойынша айып тағылан. Қазір сотқа дейінгі тергеу жүріп жатыр. 

Получить короткую ссылку


  • Подписаться на канал новостей TengriNews:

  • Google News
  • Yandex News
  • Yandex Zen

Нравится Поделиться
Пікір қалдырыңыз
Оқылып жатыр
Талқыланып жатыр
Бүгін
Апта
Ай