Алматыда соққыға жығылған журналист шабуылдың себебіне қатысты өз нұсқасын айтты

04 Қараша 2015, 11:58
0
Алматыда соққыға жығылған журналист шабуылдың себебіне қатысты өз нұсқасын айтты - © Tengrinews.kz
© Tengrinews.kz
Алматыда соққыға жығылған журналист шабуылдың себебіне қатысты өз нұсқасын айтты - Иллюстрация © Тengrinews.kz
Иллюстрация © Тengrinews.kz

Белгілі журналист Бота Жұманова өзіне жасалған шабуылды кәсіби қызметімен тығыз байланысты деп есептейді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Бұл туралы зардап шеккен журналистің өзі бүгін өткен баспасөз мәслихатында мәлімдеді.

"Бастапқыда шабуыл жасаған адамды табады деген сенім болған жоқ. Бұл нәтижеге әлеуметтік желілер мен медиада туындаған резонанстың ықпал еткеніне сенімдімін, сонымен қатар, құқық қорғау ұйымдарының белсендігіне алғыс айтамын. Маған тіпті "Норвежский Хельсинский Комитет", "Freedom House" сынды тағы да басқа ұйымдардың өкілдері хабарласты", - деп мәлімдеді Жұманова.

Оның айтуынша, тергеу барысында қылмыстық іс материалдарын таратуға оған тыйым салынған. Жұманованың мәлімдеуінше, өзіне шабуыл жасаған жігіт оны тонағысы келгенін мойындаған. "Шынымды айтсам, бұл нұсқа мені таңғалдырмады. Бұл оқиға менің материалдарым үшін болды деген күдігім бар, яғни менің кәсіби қызметіме байланысты. Алайда қандай жарияланымға байланысты екенін айта алмаймын, себебі сенімді емеспін. Нақты бір адамдарға жала жаба алмаймын", - деді жас журналист.

Айта кетейік, Бота Жұманова алдағы уақытта қоғамдық қор құруды жоспарлап отыр. "Әріптес-сарапшылармен бірге қоғамдық қорды тіркеуге қажетті құжаттарды дайындап жатырмыз, оның қызметі халықтың қаржы сауаттылығын дамытуға, жарияланымдар мен зерттеулерге байланысты болады. Сонымен қатар, біз зейнетақы жүйесіне қатысты реформа бойынша ұсыныс әзірлеп жатырмыз, ол қоғамның ашық талқысына түседі. Олар қолжетімді мағлұматтары бар кәсіби материалдар болғандықтан, қоғамдық қор мүшелеріне шабуыл жасау сынды жанжалдар болмайды деп ойлаймын", - деді ол. 

Еске сала кетейік, Алматыда журналист Ботагөз Жұмановаға жасалған шабуылдың видеосы жарияланған болатын. Оқиға 8 қазан күні кешке болған. Видеодан бір жігіттің журналист қыздың соңынан ілесіп келіп, бірер секундтан кейін оны соққыға жығып, ұрып, тепкінің астына алып, қашып кеткенін көруге болады.

Кейін соққыға жығылған журналист Бота Жұманова өзінің жағдайы жайлы айтып берді. "Барлығыңа сәлем! Мен тірімін. Қазір емделіп жатырмын, бірақ басым әлі мазалайды. (...) Мен Майқұдықтанмын, біз мұндайдан жеңіле салмаймыз", - деді журналист. 

Алматы полициясы шабуыл жасаған адамды ұстады. Ол Жаркенттің тумасы, айтуынша Ботаның БАҚ-та жұмыс істейтінін ол жаңалықтардағы видеодан кейін білген. Күдікті қазір қамауда отыр.


  • Подписаться на канал новостей TengriNews:

  • Google News
  • Yandex News
  • Yandex Zen

Нравится Поделиться
Пікір қалдырыңыз
Оқылып жатыр
Талқыланып жатыр
Бүгін
Апта
Ай