14 қаңтар 2022 16:30

Алматыда такси жүргізушісі тонаушыны ұстауға көмектесті

Жансая Қадыржанова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фото:polisia.kz Фото:polisia.kz

Алматыда такси жүргізушісі полиция қызметкерлеріне қоқыс жәшігіне қару жасырған қарақшаны анықтауға көмектесті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.


Алматыда такси жүргізушісі полиция қызметкерлеріне қоқыс жәшігіне қару жасырған қарақшаны анықтауға көмектесті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.

Тәртіпсіздікке қатысушы ірі қару-жарақ дүкенін тонағаны белгілі болды.

"Әуезов ауданының полиция қызметкерлері И. есімді ер адам жаппай тәртіпсіздіктерге және басқа да заңсыз әрекеттерге қатысқанын анықтады. Сонымен қатар, ірі қару дүкенін тонап, 10 патроны бар BrowntnG тегіс ұңғылы мылтығын ұрлап кеткен. Қылмыскер мылтықты 5-ықшамауданындағы аулалардың бірінің қоқыс жәшігіне жасырған", - делінген хабарламада.

Полиция мәліметінше, бірнеше күннен кейін күдікті таксимен қаруды жасырған орынға келген.

  Фото: polisia.kz

Көлік жүргізушісі жолаушы теледидар жәшігіне қару жасырып жүргенін байқап, бұл туралы полицияға хабарлаған.

"Тұтқындау кезінде И. есімді ер адам әскери киімде болған. Оны қайдан алғаны тергеу барысында анықталады. Қазір бұл дерек бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр. Ұсталған азамат уақытша ұстау изоляторына қамалды. Алматы қаласының комендатурасы қамқор тұрғындарға белсенді азаматтық ұстанымы және қалада құқықтық тәртіпті орнатуға көмектескені үшін алғысын білдіреді", - деп мәлімдеді баспасөз қызметі өкілі.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 444.26   490.7   4.83 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети