14 қазан 2020 14:04

Алматыда тәулігіне 20 миллион теңге табыс тапқан заңсыз казино желісі анықталды - ҰҚК

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фото: ҰҚК Фото: ҰҚК

Ұлттық қауіпсіздік комитеті заңсыз казино желісі қызметінің жолын кесті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі құзырлы органның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.


Ұлттық қауіпсіздік комитеті заңсыз казино желісі қызметінің жолын кесті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі құзырлы органның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

"ҰҚК Алматы қаласы бойынша департаменті қалада жасырын электронды казиноналардың заңсыз ойын бизнесін ұйымдастырумен айналысқан қылмыстық топ әрекетінің жолын кесті. Жедел-іздестіру іс-шараларын іске асыру барысында қалада 10 мекемеден жасырын онлайн-казино желісінің жұмыс істейтіні анықталды", - делінген хабарламада.

 Фото: ҰҚК

2020 жылғы 6 қазанда жедел-тергеу тобы бір ғана жасырын жұмыс істеген мекемеден 50 бірліктен аса ойын жабдығын тапқан.

"Қылмыстық әрекеттен алынған табыстың сомасы тәулігіне 20 миллион теңгеден асқан. Құмар ойындарын ұйымдастыру үшін қылмыстық топ заңсыз әрекетке шамамен 50 адамды тартқан. Олар қызметке көрсеткен. Бұл факт бойынша ҚР ҰҚК Алматы қаласы бойынша департаменті ҚР Қылмыстық кодексінің 307-бабы 2-бөлігі бойынша қылмыстық іс қозғады", - делінген хабарламада.

Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл! 

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 444.22   490.7   4.76 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети