24 желтоқсан 2020 11:36

Алматыда ТЖД бөлім басшысы пара алғаны үшін сотталды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фото: Tengrinews.kz/Тұрар Қазанғапов Фото: Tengrinews.kz/Тұрар Қазанғапов

Алматыда қалалық төтенше жағдай департаменті Түрксіб аудандық бөлімінің басшысы пара алғаны үшін сотталды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Алматыда қалалық төтенше жағдай департаменті Түрксіб аудандық бөлімінің басшысы пара алғаны үшін сотталды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс қимыл агенттігінің Алматы бойынша департаментінің мәліметінше, күдіктіге жеке компаниялардың басшыларынан бопсалау арқылы бірнеше рет пара алды деген айып тағылған.

Бұл іске қатысы бар жеке компанияның бас директорына да сот үкімі шыққан.

Алматы қаласы ТЖД Түрксіб аудандық ТЖБ басшысы Нұржан Нұрташев 7 жылға бас бостандығынан айырылды.

"Нұрташев "Хозу-Алматы" ЖШС бас директоры Александр Бирюковтан коммерциялық қызметіне қамқорлық көрсеткені үшін 20 мың теңге, сонымен қатар, терминалдардың металл конструкцияларында өртке қарсы бояумен өңдеудің болмауы түрінде анықталған заңбұзушылықты бұйрықта көрсетпеу үшін тағы бір жеке компанияның басшысынан 840 мың теңге көлемінде пара алды деген күдікке ілінген", - делінген хабарламада.

Түрксіб аудандық сотының үкімімен Бирюков 1 жылға бас бостандығынан айырылды.

Сотталғандар өмір бойы мемлекеттік қызметте жұмыс істеу құқығынан айырылды.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 446.78   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети