22 қазан 2020 09:48

Алматыда тұрғын үй кешенінің бірінен газ ұрлау дерегі анықталды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Скрин видео Скрин видео

Алматыда табиғи газ ұрлау дерегі тіркелді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Almaty.tv телеарнасына сілтеме жасап.


Алматыда табиғи газ ұрлау дерегі тіркелді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Almaty.tv телеарнасына сілтеме жасап.

Ұрлық дерегін газ тасымалдайтын компания қызметкерлері жоспарлы тексеріс барысында анықтаған. 

Алматыда тұрғын үй кешенінің тұрғындары белгісіз адамдардың кінәсінен суық пәтерде тұруға мәжбүр болған. Үйде жылу да, ыстық су да болмапты. Тұрғындар коммуналдық төлемдер бойынша қарызы жоғын айтады.

"Жылыту маусымы басталғаннан бері жылу қосылған жоқ. Ал қыркүйектің соңынан бастап ыстық сусыз отырмыз. Біз газға қосылудың заңсыз екенін білген жоқпыз", - дейді тұрғын үй кешенінің тұрғыны Эльвира Рашева. 

Көгілдір отынды жеткізуші компанияның өкілдері жылыту маусымы басталар алдында тұрғын үй кешенін газға қосуға келіпті. Бірақ мамандар пломбаның бүлінгенін байқаған. Тексеру барысында газ жабдығының дұрыс жұмыс істемейтіні анықталған.

"Ішкі бақылау бөлімі тексеріс барысында байпас желісі бойынша тікелей көгілдір отынның ұрланғанын, газ туралы заңның өрескел бұзылғанын бірнеше рет анықтаған. Бұл тұтынушы газды есепке алу тораптарын айналып өтіп, газ ұрлаған. Сондықтан бірнеше рет акт жасалып, нысан газдан ажыратылды", - дейді "ҚазТрансГазАймақ" компаниясының Алматы өндірістік филиалының директоры Нұржан Түмебаев.

Кондоминиум өкілдері заңсыз қосылуға ешқандай қатысы жоғын атап өтті. Олар бұл мәселенің мән-жайын анықтайтынын айтады. Ал осы уақытта тұрғындар жылусыз отыруы мүмкін.

"Қазіргі таңда біз қалай заңсыз қосылғанымызды және кімнің қосқанын анықтауымыз керек. Барлығы тексеріс барысында анықталады. Біз компания ретінде газ шаруашылығының және осы салада жұмыс істейтін үшінші тараптардың қатысуынсыз ешкімді шақырғанымыз жоқ", - дейді тұрғын үй кешеніне қызмет көрсететін компанияның өкілі Темірғали Хамидов.

Тұрғындар рұқсатсыз газға қосылғаны үшін айыппұл төлейді. Материалды жауапкершілік тұрғындарға немесе үйге қызмет көрсететін компания басшылығына жүктелетінін олар өздері анықтауы керек.

Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл! 

Как вам дизайн сайта Tengri News?
Пройти опрос
Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 449.3   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети