11 тамыз 2020 16:58

Алматыда тыныштықты бұзған ер адам тұрғындарға оқ атқан

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фото: Tengrinews.kz Фото: Tengrinews.kz

Алматыда ер адам тұрғын үй кешеніндегі адамдарға 3 рет оқ атты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Алматыда ер адам тұрғын үй кешеніндегі адамдарға 3 рет оқ атты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Әлеуметтік желіде Алатау ауданындағы "Алмалы" тұрғын үй кешенінде болған төбелестің видеосы жарияланған. Онда ер адамның төбелес шығарғанын көруге болады.

Оқыс оқиға 8 тамызда болған.

"Екі тұрғын тыныштықты бұзған мас ер адамнан музыканы өшіруді өтінген. Осы сәтте ол екі тұрғынға шабуыл жасаған. Ер адам тапанша алып шығып, оларға оқ атқан. Тіпті бір тұрғынның басын тапаншаның сабымен ұрып жіберген. Оқ бос болған. Оның дыбысы қатты шыққан.

Кейін төбелес басталған. Жергілікті тұрғындар оны жерге жатқызып, полиция келгенге дейін ұстап тұрған. Бұл дерек бойынша қылмыстық іс қозғалды. Бір тұрғын бас жарақатын алды. Ол ауруханаға жеткізіліп, дәрігерлер оның басын тіккен", - деп жазылған Instagram желісіндегі zhest_kazakhstan парақшасында.

Ескерту! Видеода бейәдеп сөздер айтылады!

Алматы қаласы полиция департаменті бұл факт ҚР Қылмыстық кодексінің 293-бабы 2-бөлігі ("Бұзақылық") бойынша сотқа дейінгі тергеу тізіліміне тіркелгенін хабарлады. Күдікті 5 мың АЕК (шамамен 13,9 миллион теңге) көлемінде айыппұл төлеуі немесе 5 жылға бас бостандығынан айырылуы мүмкін. Бұл істі Алатау ауданының полиция басқармасы тергеп жатыр.

"Бұл қылмысты жасады деген күдікпен 1986 жылы туған ер адам ұсталды. Күдіктіден пневматикалық тапанша тәркіленді. Қазіргі таңда тергеу жүріп жатыр", - делінген хабарламада.

Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл! 

Как вам дизайн сайта Tengri News?
Пройти опрос
Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 451.08   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети