27 тамыз 2019 10:42

Алматыда үш жігітті қаққандардың көліктері табылды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фото: Алматы ПД баспасөз қызметі Фото: Алматы ПД баспасөз қызметі

Алматы полицейлері үш жігітті әдейі қағу оқиғасына қатысы бар екі автокөлікті мамандандырылған автотұраққа орналастырды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ведомство баспасөз қызметі. 


Алматы полицейлері үш жігітті әдейі қағу оқиғасына қатысы бар екі автокөлікті мамандандырылған автотұраққа орналастырды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ведомство баспасөз қызметі. 

Тергеу басқармасының мәліметі бойынша, ҚР Қылмыстық кодексінің 24-бабы, 3-бөлімі бойынша тергеліп жатқан қылмысты істің заттай айғағы ретінде екі көлік - ақ түсті Тoyota Camry мен қара түсті Toyota Avensis табылды. 

"Екі көлік құралы да қылмыстық зертханада тексерілді, адам қаққанының белгісі бар. Тиісті сараптама тағайындалды. Қазір көліктер мамандандырылған автотұраққа қойылды, қылмыс құралы болғандықтан оларды қолдануға тыйым салынды", - деді Алматы қалалық ПД тергеу басқармасы басшысының орынбасары полиция подполковнигі Думан Аухадиев.  

Сондай-ақ ол түнде полиция жедел бөлімінің қызметкерлері Алматы облысы Еңбекшіқазақ ауданының тұрғыны, 1995 жылы туған А. есімді азамат қолға түскенін айтты. Ол Toyota Camry маркалы көлікті тізгіндеген. Қазір ол уақытша ұстау изоляторында. 

"Қара түсті шетелдік көліктің жүргізушісі анықталды. Оны ұстау - уақыт еншісінде. Ол адамдарды қаққан Toyota Avensis көлігі табылды және тұраққа қойылды. Бұл іс барысында тергеу жан-жақты және әділ жүргізіледі", - деді подполковник Аухадиев. 

Читайте также
Join Telegram
Тоқаев Қытайға барады

Валюта бағамы

 448.12   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети