10 мамыр 2023 11:48

Алматыдағы арнайы операция: 44 жастағы ер адам қару мен есірткі сақтаған

Дина Шарипханова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фото:polisia.kz Фото:polisia.kz

Алматы полицейлері есірткі мен қару сақтаған ер адамды ұстады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.


Алматы полицейлері есірткі мен қару сақтаған ер адамды ұстады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.

Алматы полициясы арнайы іс-шараны Достық даңғылы мен Оспанов көшесінің қиылысында жүргізген. Бұрын мүліктік қылмыс үшін сотталған 44 жастағы А. есімді ер адамнан рұқсат етілген жеке тінту барысында, өзіне тән иісі бар өсімдік тектес зат салынған полиэтилен байламы тәркіленді.

"Жалпы, арнайы іс-шара қару ұрлау дерегі бойынша ҚР ҚК-нің 291-бабы 3-бөлігіне сәйкес қозғалған қылмыстық істі тергеу аясында жүргізілді. Кейін күдіктінің тұрғылықты жерінде рұқсат етілген тінту кезінде сарайдан АК-74 автоматы мен ТОЗ-17 шағын калибрлі мылтығы табылды. Бұл қарудың нақты кімдікі екені мен шығу тегін арнайы сараптама анықтайды. Сонымен қатар, А. есімді ер адамға есірткі сатқан 1970 жылы туған М. есімді ер адам сол уақытта ұсталды. Ол да тексерілді. Нәтижесінде белгілі бір иісті, өсімдік тектес заты бар полиэтилен байламы және күні, аты-жөні, ақша сомасы жазылған жазбалар тәркіленді", – деді Алматы қалалық Полиция департаменті бастығының орынбасары Дидар Аханов.

Сондай-ақ, полицейлер ҚР ҚПК-нің 201-бабына сәйкес өзге ақпараттар тергеу мүддесіне орай жарияланбайтыны хабарланды. ҚР Конституциясының 77-бабы 3-тармағы 1-тармақшасына және ҚР ҚПК-нің 19-бабы 1-бөлігіне сәйкес, заңды күшіне енген сот үкімімен белгіленгенге дейін әрбір адам қылмыстық құқық бұзушылық жасауда кінәсіз деп танылады.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 441.41   490.7   4.75 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети