Алматыдағы арнайы операция: дропперлер ұсталды

Дина Шарипханова
Дина Шарипханова Корреспондент
viewings icon comments icon

ПОДЕЛИТЬСЯ

whatsapp button telegram button facebook button
Фото: polisia.kz Фото: polisia.kz

Алматыда полиция 45 миллион теңгеден астам қаражатты айналдырған дропперлерді ұстады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.

whatsapp button telegram button facebook button
Иконка комментария блок соц сети

Алматыда полиция 45 миллион теңгеден астам қаражатты айналдырған дропперлерді ұстады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.

Алматы полицейлері интернет-алаяқтық әрекеттері бойынша жүргізілген арнайы операция нәтижесінде екі күдіктіні ұстады. Олардың бірі – елімізге қылмыстық мақсатпен келген шетел азаматы. Тергеу барысында, бұл адамдар алаяқтық жолмен азаматтардың банк карталарынан ұрланған қаражатты қолма-қол ақшаға айналдырумен айналысқаны анықталды.

"Күдіктілер көлеңкелі интернет-арналардағы кураторлардың тапсырмаларын орындап, банкоматтардан ірі көлемде ақша шешіп, оның белгілі бір пайызын сыйақы ретінде алып отырған. Ізін жасыру үшін олар түрлі тәсілдерге, соның ішінде сыртқы келбеттерін өзгертуге дейін барған", - делінген хабарламада.

Құқық қорғаушылар қылмыстық әрекеттен алынған қаражаттың бір бөлігін тәркілеп үлгерді. Тергеу барысында олардың өзге де қылмыстық эпизодтарға қатыстылығы анықталып жатыр. Алдын ала мәлімет бойынша, қысқа мерзім ішінде күдіктілер 45 миллион теңгеден астам қаражатты қолма-қол ақшаға айналдырған.

"Полиция киберқылмысқа қатысты қылмыстық тізбектерді жүйелі түрде әшкерелеп, жолын кесіп келеді. Бұл бағыттағы жұмыстар үздіксіз жүргізіліп жатыр. Тағы бір ескертеріміз – ешқашан жеке деректеріңізді, банк картасының кодтарын бейтаныс адамдарға бермеңіз. Олар өздерін банк немесе мемлекеттік орган қызметкері ретінде таныстырса да, мұндай ақпаратты айту қауіпті. Егер сіз алаяқтық әрекетке тап болсаңыз, дереу полицияға хабарласыңыз", – деді Алматы Полиция департаменті киберқылмысқа қарсы күрес басқармасының бастығы Әнес Қалдыбаев.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram Последние новости
Лого TengriNews мобильная Лого TengriLife мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriAuto мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню
Открыть TengriNews Открыть TengriLife Открыть TengriSport Открыть TengriAuto Открыть TengriTravel Открыть TengriEdu Открыть TengriGuide

Валюта бағамы

 526.5  course up  615.26  course up  6.76  course down

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети
Иконка Instagram footer Иконка Telegram footer Иконка Vkontakte footer Иконка Facebook footer Иконка Twitter footer Иконка Youtube footer Иконка TikTok footer Иконка WhatsApp footer