20 шілде 2016 12:30

Алматыдағы арнайы операция кезінде атыс болған жоқ - ІІД

ПОДЕЛИТЬСЯ

© Роза Есенқұлова © Роза Есенқұлова

Алматыда арнайы операция кезінде атыс болған жоқ, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ІІД өткізген брифингтен.


Алматыда арнайы операция кезінде атыс болған жоқ, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ІІД өткізген брифингтен.

"Қоршауға алынған аумақ адамдардың қауіпсіздігі үшін. Менің ойымша қауіпсіздік шаралары артық етпейді. Сотқа дейінгі тергеу жұмыстары жалғасып жатыр. Іздестіру шаралары барысында ештеңе табылған жоқ, - деді ІІД ресми өкілі Салтанат Әзірбек.

Сұрақтарға жауап бере отырып, атыс болды ма дегенге, Әзірбек атыс болмағандығын атап өтті. "Атыс болған жоқ", - деді ол. 

Осыған дейін Гоголь - Зенков - Мақатаев - Абдуллин көшелерінің шаршысында ішкі істер органдары жедел-іздестіру шараларын жүргізген еді. Қалдаяқов көшесінің бойындағы Interfood супермаркетінің және AlMed емханасының қоршауға алынған. Полиция қызметкерлері Мақатаев пен Гоголь көшелерінде тұр. Көк базар мен "Рахат" кондитерлік фабрикасы қоршауға алынғаны хабарланған болатын. 11.00 шамасында іздестіру шаралары аяқталып, қоршаулар алып тасталды.

Еске салайық, 18 шілдеде Алматыда террористік акт болған еді. Белгісіз ер адам Алмалы аудандық ІІБ мен ҰҚК департаментіне қарулы шабуыл жасады. Оқиға салдарынан бес адам, оның ішінде үш полиция қызметкері қаза тапты. Қалада террорлық қатердің қызыл деңгейі жарияланды. Қылмыскер ұсталды,ол бұрын істі болғандығы анықталды. Ол Қызылорда облысының тумасы Руслан Күлікбаев болып шықты.

Сонымен қатар, Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Қауіпсіздік Кеңесінің шұғыл отырысын өткізіп, азаматтарды ақпараттық кеңістіктегі арандатушылықтарға сенбеуге шақырды. Отырыс қорытындысы бойынша ҚР Президенті қаладағы жағдайды тұрақтандыру және қаза тапқандар мен зардап шеккендердің отбасыларына қажетті көмек көрсету бойынша бірқатар тапсырмалар берді.

ҚР Президентінің тапсырмасы бойынша ішкі істер министрі Қалмұхамбет Қасымов Алматыға ұшып, шұғыл баспасөз мәслихатын өткізді. Министр төрт бап бойынша қылмыстық іс қозғалғанын жеткізді.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 446.44   490.7   4.77 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети