Алматыдағы "Мариям" жекеменшік мектебінде заңбұзушылықтар анықталды 13 мамыр 2022, 15:34

Білім және ғылым министрлігі Балалардың құқықтарын қорғау комитетінің төрағасы Есенғазы Иманғалиев пен балалар құқығы жөніндегі штаттан тыс кеңесші Раиса Шер "Мариям" жекеменшік мектебін тексеру үшін Алматыға ұшып келді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ведомство баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Ведомство мәліметінше, комиссия білім беру орнында бірқатар заң бұзу дерегін анықтаған.
"Құрылған комиссияның тексеру нәтижесі бойынша оқу-тәрбие жұмысын ұйымдастыру, балалар қауіпсіздігін қамтамасыз ету (бейнебақылау бойынша тиісті талаптарды сақтамау), қажетті санитарлық-гигиеналық талаптарды құру бойынша (сыныпта жарықтың нашарлығы, желдету жүйесінің болмауы және т.б.) бірқатар заңбұзушылық анықталды", - делінген Балалардың құқықтарын қорғау комитеті хабарламасында.
Бүгінде тексеру жұмыстары жалғасып жатыр. Оның қорытындысы бойынша шаралар қабылданады.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!