16 қыркүйек 2016 15:57

Алматылық атқыштың қамау мерзімі ұзартылды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Алматылық атқыш Руслан Күлекбаевтың қамау мерзімі 18 қазанға дейін ұзартылды, - деп хабарлайды  Tengrinews.kz тілшісі қалалық Алмалы ауданының сотына сілтеме жасап.


Алматылық атқыш Руслан Күлекбаевтың қамау мерзімі 18 қазанға дейін ұзартылды, - деп хабарлайды  Tengrinews.kz тілшісі қалалық Алмалы ауданының сотына сілтеме жасап.

Еске салайық, 18 шілдеде Алматыда террористік акт болған еді. Белгісіз ер адам Алмалы аудандық ІІБ мен ҰҚК департаментіне қарулы шабуыл жасады. Оқиға салдарынан бес адам, оның ішінде үш полиция қызметкері қаза тапты. Қалада террорлық қатердің қызыл деңгейі жарияланды. Қылмыскер ұсталды,ол бұрын істі болған Қызылорда облысының тумасы Руслан Күлікбаев болып шықты.

Осыған дейін ІІД тергеу жұмыстары барысында18 шілдеде полицейлерді өлтірді деген күдікке ілінген Руслан Күлекбаевтің жалдамалы пәтерді анықтаған болатын. Полицейлер пәтерде адам өміріне қауіпті заттардың бар-жоғын тексеріп шықты. Алайда, полицейлер пәтерді тінту кезінде қауіпті заттарды таппады.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 446.77   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети