11 қаңтар 2022 14:41

Алматылық екі тұрғын есірткі жасаумен айналысқан таныстарын ұстап берді

Жансая Қадыржанова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Алматылық екі тұрғын есірткі жасаумен айналысқан шетелдік таныстарын ұстап берді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Алматылық екі тұрғын есірткі жасаумен айналысқан шетелдік таныстарын ұстап берді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Оқиға 11 қаңтарда таңертең Алматы облысы Талғар ауданында болған. Таңғы сағат 5.00 шамасында Тұздыбастау ауылында әкімдік қызметкерлері мен еріктілер түнгі тексеріс барысында Mercedes автокөлігін байқаған. Көлік ішінде күдікті адамдар болған.

"Көлікте екі ер адам және екі әйел отырды. Олардың барлығы мас болды. Оқиға орнына полиция шақырылды. Тексеріс барысында әйелдер өз серіктерін ұстап берді. Олар ер адамдар есірткі жасау, тарату мақсатында ауылға келгенін айтты. Олар жеке үйлердің бірінде есірткі жасаған. Біраз уақыттан кейін бұл ақпарат расталды", - деп мәлімдеді Талғар ауданы әкімдігінің баспасөз қызметі өкілі.

Полиция қызметкерлері ұсталғандардан синтетикалық есірткінің бірнеше пакетін тәркіледі. Олар кейінгі бірнеше күн ішінде өндірген.

"Екі ер адам шетел, соның ішінде Тәжікстан мен Өзбекстан азаматтары болып шықты. Ал олардың серіктері - Алматы қаласының тұрғындары. Төтенше жағдай режимін пайдаланған шетел азаматтары ауданда есірткі жасаған. Қазір төртеуі де уақытша ұстау изоляторына қамалды. Сотқа дейінгі тергеу басталды", - деп толықтырды әкімдік өкілі.

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от Талғар ауданы әкімдігі ?? (@talgar_akimat)

Сондай-ақ, шенеуніктер 6 қаңтардан бастап Талғар ауданының барлық кіреберісіне блокбекеттер қойылғанын айтты. Жалпы саны - 19.

"Жергілікті жерлерде полиция мен әкімдік қызметкерлері бұрын әскери тәжірибесі бар күзетшілермен бірге қызмет атқарды. Қоғамдық тәртіп пен азаматтардың қауіпсіздігін сақтау мақсатында жұмыстар жалғасып жатыр", - деп қорытындылады аудан әкімдігі өкілі.

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от Талғар ауданы әкімдігі ?? (@talgar_akimat)

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 441.68   490.7   4.99 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети