05 желтоқсан 2016 14:54

Алматылық таксист қыз зорлағанын мойындады

ПОДЕЛИТЬСЯ

Аида Айсарова/ Фото Tengrinews.kz Аида Айсарова/ Фото Tengrinews.kz

Алматыда такси жүргізушісінің қыз зорлауы туралы іс бойынша тараптарды қатар тыңдау өтті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Аида Айсарованың мүддесін белгілі адвокат Айман Омарова қорғап отыр.


Алматыда такси жүргізушісінің қыз зорлауы туралы іс бойынша тараптарды қатар тыңдау өтті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Аида Айсарованың мүддесін белгілі адвокат Айман Омарова қорғап отыр.

Түрксіб аудандық прокуроры сотталушыны үш жылға бас бостандығынан айыруды сұрады. Айман Омарованың айтуынша, сотталушы өз кінәсін мойындап, өкініп, қызға моральдық шығынын өтеп беруге келісіпті.

Үкім 6 желтоқсанда 17.00-де оқылады.

Еске салайық, такси жүргізушісінің қызды зорлағаны туралы 1 қарашада баспасөз мәслихатында белгілі болған еді. "Не молчи.kz" қозғалысының көшбасшысы Дина Смайылованың айтуынша, оқиға биыл 11 маусымда болған. Оның мәліметінше, 33 жастағы Аида Айсарова таксиде талып қалған. Ал осы уақытта жүргізуші оны зорлаған. Сондай-ақ, ол жәбірленушінің ақшасын тартып алған.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.2   490.7   4.82 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети