22 мамыр 2018 | 15:17

Алматының "Шаңырақ" ықшамауданында жоғалған 4 жасар бала өлі табылды

viewings icon comments icon

ПОДЕЛИТЬСЯ

whatsapp button telegram button facebook button

Алматының "Шаңырақ" ықшамауданында жоғалған 4 жасар бала өлі табылды. Бұл туралы Tengrinews.kz тілшісіне қалалық ІІД өкілдері хабарлады. 

whatsapp button telegram button facebook button copyLink button
Иконка комментария блок соц сети

Алматының "Шаңырақ" ықшамауданында жоғалған 4 жасар бала өлі табылды. Бұл туралы Tengrinews.kz тілшісіне қалалық ІІД өкілдері хабарлады. 

Полицияның мәліметінше, мәйіт тереңдігі екі метр кәріз құдығынан табылған. 

2014 жылы туған Көмеков Арсен 17 мамырда Алматы қаласы Алатау ауданындағы Шаңырақ шағын ауданында жоғалып кеткен. Ол күннің екінші жартысында үй қоршауының сыртында ересектердің қарауынсыз ойнап жүріп, белгісіз бағытқа кетіп қалған.

Қалалық ІІД ресми өкілі Салтанат Әзірбек баланы іздестіруге 100-ден аса полицейдің жұмылғанын хабарлаған еді.

"Баланың жоғалып кеткенін оның туыстары түнгі сағат он шамасында хабарлады, олардың өз бетінше іздеген жұмыстары нәтиже бермеген. Қылмыстық полиция, кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі учаскелік полиция, учаскелік инспекторлар, жол-патрульдік полиция, арнайы дайындалған иттерімен кинологтар және Ұлттық гвардияның әскери қызметкерлерінен шұғыл түрде іздеу тобы құрылды. Бастапқыда олар 23 болған, қазір топ саны 34-ке жетті. Баланы іздеуге жұмылдырылған полицейлердің саны жүзден асады", - деп хабарлаған еді Алматы ІІД ресми өкілі, полиция подполковнигі Салтанат Әзірбек.

Читайте также
Join Telegram Последние новости
Лого TengriNews мобильная Лого TengriLife мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriAuto мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню
Открыть TengriNews Открыть TengriLife Открыть TengriSport Открыть TengriAuto Открыть TengriTravel Открыть TengriEdu Открыть TengriGuide

Валюта бағамы

 528.71  course up  540.46  course up  5.18  course down

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети
Иконка Instagram footer Иконка Telegram footer Иконка Vkontakte footer Иконка Facebook footer Иконка Twitter footer Иконка Youtube footer Иконка TikTok footer Иконка WhatsApp footer