31 мамыр 2023 14:47

Англия соты Мұхтар Әблязовті қамауға алу туралы қаулы мерзімін ұзартты

Дина Шарипханова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фото: әлеуметтік желілерден Фото: әлеуметтік желілерден

Англияның Жоғарғы соты БТА Директорлар кеңесінің бұрынғы басшысы Мұхтар Әблязовті 2012 жылдың ақпанындағы сотты құрметтемегені үшін шығарған қамауға алу туралы қаулысын ұзартты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Англияның Жоғарғы соты БТА Директорлар кеңесінің бұрынғы басшысы Мұхтар Әблязовті 2012 жылдың ақпанындағы сотты құрметтемегені үшін шығарған қамауға алу туралы қаулысын ұзартты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Бұл туралы БТА банкінің баспасөз қызметі хабарлады.

"Қамауға алу туралы қаулы Мұхтар Әблязовты Ұлыбританияға кірген жағдайда жазасын өтеу үшін полиция органдарына және/немесе сот қызметкерлеріне тұтқындауға және түрмеге жіберуге нұсқау беретін құжат. Құжат екі жылға жарамды, содан кейін ол тағы бір мерзімге ұзартылады. Банк қаулы мерзімін ұзарту бойынша тұрақты жұмыс жүргізіп жатыр", - делінген хабарламада.

Тұтқындау туралы бастапқы қаулыны 2012 жылдың 16 ақпанында Англияның Жоғарғы соты шығарған. Мұхтар Әблязов бірнеше рет жалған айғақтар беріп, сотқа жалған құжаттар ұсынған, олар арқылы активтер мен операциялар Банктен жасырылған, сонымен қатар сот отырыстарына келмеген. Осыған байланысты сот Мұхтар Әблязовті сотты құрметтемегені үшін жалпы 22 айға түрмеге отырғызу туралы қаулы шығарды.

"Қамауға алу туралы шешім Мұхтар Әблязовты оның барлық активтерін толығымен ашып көрсету, осы активтерге қатысты кез келген әрекетті тоқтату және сот шешімін бұза отырып, жауапкер жұмсап қойған/сатып үлгерген барлық активтерді қайтару туралы сот бұйрығын орындауға мәжбүрлеуге бағытталған", - делінген хабарламада.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.2   490.7   4.82 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети