26 мамыр 2023 09:22

Антикор Астанадағы мектептердің бірін оқушылардың шағымынан кейін тексере бастады

Гүлнара Досымшалова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет Астананың білім басқармасымен бірлесіп, қаладағы мектептердің бірінде тексеруді бастады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет Астананың білім басқармасымен бірлесіп, қаладағы мектептердің бірінде тексеруді бастады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Астанадағы №49 мектеп оқушыларының бекітілген пәндер бойынша бір жыл бойы оқымағаны туралы хабарлама Telegram-дағы Elitar-каналында пайда болды.

Мектеп оқушыларының айтуынша, 2022-2023 оқу жылында олар "Абайтану", "Қазақ әдебиетіндегі эссе жазудың құрылымы", "Жаһандық құзыреттілік" факультативтік пәндерін оқуға тиіс болған. Алайда, сабақ беруі керек болған директор мұны өткізбеген.

10-сынып оқушылары келесі жылы оқуға түсу емтихандарын тапсыратынын және оларға эссе жазу керегін айтқан, бірақ олар тиісті білімді алмаған.

Білім министрлігі бұл мектепте тексеру басталғанын хабарлады. Ведомство Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет департаментімен бірлесіп аудит жүргізеді.

Білім министрлігі нәтижелері кейінірек жарияланатынын хабарлады.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 447.35   490.7   4.75 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети