24 маусым 2022 16:49

Антикор Нұрлан Мәсімов туралы мәлімет айтқандарға сыйақы берілетінін еске салды

Дина Шарипханова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фото:gov.kz Фото:gov.kz

Антикор Нұрлан Мәсімовті іздеу жұмыстары жалғасып жатқанын еске салды. Ол туралы мәлімет бергендерге сыйақы (12 миллион теңгеге дейін) уәде етілген, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ведомство мәліметіне сілтеме жасап.

"Нұрлан Мәсімов аса ірі мөлшерде пара алған деп күдіктелген. Сот "күзетпен ұстау" түріндегі бұлтартпау шарасын санкциялады. Қазіргі уақытта Мәсімов іздестіріліп жатыр", - делінген хабарламада.

Оның орналасқан жері туралы қандай да бір ақпарат болса, агенттіктің мына телефондары бойынша хабарлауға болады:

  • call-центр 1424
  • +7 (7172) 909 260
  • +7 (727) 278 7300
  • +7 (707) 978 0808

Антикор мәліметінше, Мәсімовтің орналасқан жері туралы ақпарат бергені үшін 12 000 000 теңгеге дейін сыйақы көзделген. Сондай-ақ, хабарламаның құпиялығына кепілдік берілетіні айтылған.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 444.26   490.7   4.83 

Ауа райы

Редакция Жарнама
Социальные сети