20 қыркүйек 2021 09:24

Антикор ШҚО көлік инспекциясындағы пара алу схемасын әшкереледі

Дина Шарипханова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фото: Tengrinews.kz/Тұрар Қазанғапов Фото: Tengrinews.kz/Тұрар Қазанғапов

Шығыс Қазақстан облысында жүк көлігінің жүргізушілерінен пара алған Көліктік бақылау инспекциясы қызметкерлерінің қылмыстық тобы әшкереленді. Күнделікті пара сомасы 150-ден 500 мың теңгеге дейін болды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметке сілтеме жасап.

Ведомство мәліметінше, Шығыс Қазақстан облысы бойынша Көліктік бақылау инспекциясының қызметкерлерінен құрылған қылмыстық топ әшкереленген.

Жүк көлігінің жүргізушілері қол алысып амандасу кезінде инспекция қызметкерлеріне 10-нан 50 мың теңгеге дейін пара берген. Бұл жүк көліктерінің өңірде кедергісіз қозғалуына мүмкіндік берген. Жемқор шенеуніктердің бір тобы парадан күн сайын 150-ден 500 мың теңгеге дейін алып отырған. Антикор барлығы 20-дан аса деректі анықтаған.

4 адамға қатысты сот бұлтартпау шарасын - "қамауға алуды" таңдады, қалған шенеуніктер өз кінәсін толық мойындап, тергеу барысында ынтымақтастық танытқан.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.77   490.7   4.81 

Ауа райы

Редакция Жарнама
Социальные сети