06 маусым 2022 13:37

"Арбауына 21 тұрғын түскен". Шымкенттіктерді пәтер алып беремін деп алдаған әйел сотталды

Жансая Қадыржанова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фото:elements.envato.com Фото:elements.envato.com

Пәтер алып беремін деп 21 шымкенттікті алдаған әйел 4 жылға сотталды, - деп хабарлайды Polisia.kz


Пәтер алып беремін деп 21 шымкенттікті алдаған әйел 4 жылға сотталды, - деп хабарлайды Polisia.kz

Шымкент қаласының тұрғыны екі жыл бойы мемлекеттік бағдарламамен пәтер алуға көмектесемін деп азаматтарды алдап келген. Алаяқтың арбауына 21 тұрғын түскен. Олар әйелге 34 миллион теңге ақша берген.

27 жастағы әйел қала аумағында соғылып жатқан көпқабатты тұрғын үйлерден танысы арқылы пәтер алып бере алатынын айтып, өзін жарнамалап, тұрғындардың сеніміне кіріп, ақшаларын алған соң өз пайдасына жаратып жүрген. Сондай-ақ, балаларына қарау үшін үйіне жұмысқа алған әйелдің банк картасын алдап сұрап алып, ұялы телефонына сол банктің қосымшасын орнатып алған. Осылайша, жәбірленушілердің ақшалары осы картаға түсіп отырған. Кейін жәбірленуші полицияға жүгінген. Сонымен қатар, басқа жәбірленушілерден алған ақшаны кездейсоқ адамдарға өтініш жасап, банкоматтардан алып жүрген. Үй ала алмай, алданғанын білген тұрғындар полицияға арызданған.

Тәртіп сақшылары жүргізген жедел-іздестіру жұмыстары барысында куәлерден жауап алынып, аударымдар тексеріліп, әйелдің алаяқтық ісі дәлелденген. Нәтижесінде, қылмыстық істі жасаған әйел 4 жылға сотталған.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 441.41   490.7   4.75 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети