28 мамыр 2016 21:32

Ашынасын өлтіруге тапсырыс берген экс-әкім ұсталды - БАҚ

ПОДЕЛИТЬСЯ

Жеңіс Серікқалиев © Priru.kz Жеңіс Серікқалиев © Priru.kz

Батыс Қазақстан облысында Теректі ауданының экс-әкімі Жеңіс Серікқалиев кісі өлтіруге оқталу деген күдік бойынша ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды, - деп хабарлайды "Мой ГОРОД". Оның ұсталу алдында, яғни 27 мамырда жұмыстан шығып қалғаны хабарланып отыр.


Батыс Қазақстан облысында Теректі ауданының экс-әкімі Жеңіс Серікқалиев кісі өлтіруге оқталу деген күдік бойынша ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды, - деп хабарлайды "Мой ГОРОД". Оның ұсталу алдында, яғни 27 мамырда жұмыстан шығып қалғаны хабарланып отыр.

Бұрынғы әкім мен екі адам ұсталған. Полициядағылар басылым тілшілеріне биылғы ақпан айында күдіктілердің бір әйелді өлтірмек болғанын хабарлады. Кейбір мәліметтер бойынша, әйел - Серікқалиевтің ашынасы. Әйел тірі қалып, шабуылдағандардың кім екенін айтып беріпті.

"Уральская неделя" басылымының дереккөздері шенеуніктің өз көңілдесін өлтіруге тапсырыс бергенін растап отыр. "Серікқалиевпен бірге оның жүргізушісі мен досы ұсталды, екеуі де әйелдің көзін жоюға қатысқан", - деп нақтылады басылым тілшілері. 

Қазіргі уақытта іс "Кісі өлтіруге оқталу" бабы бойынша тергеліп жатыр. 

Жеңіс Серікқалиев - 1978 жылғы. Батыс Қазақстан мемлекеттік университетін тәмамдаған. Еңбек жолын 2001 жылы Оралда инженер-қоныстандырушы болып бастаған. Борлы ауданының орталығы Ақсай қаласы бойынша жер ресурстарын басқару жөніндегі аудандық комитетте жетекші маман болып қызмет атқарған. Қаратөбе ауданының әкімінің орынбасары болған, өңірдің жер қатынастары басқармасының басшысы қызметін атқарған. 

Теректі ауданын 2013 жылдың наурызынан бері басқарған. 2016 жылдың 27 мамырында белгісіз себептерге байланысты өз қалауымен қызметінен кеткен.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.77   490.7   4.81 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети