20 қаңтар 2023 17:59

Астана тұрғыны лифтте әйелін соққыға жыққан

Гүлнара Досымшалова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Әйелін лифтте ұрып-соққан Астана тұрғыны 10 тәулікке қамауға алынды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Қалалық полиция департаментіне сілтеме жасап.


Әйелін лифтте ұрып-соққан Астана тұрғыны 10 тәулікке қамауға алынды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Қалалық полиция департаментіне сілтеме жасап.

"102" арнасына елорданың 36 жастағы тұрғынынан оны жұбайы ұрып-соғып жатқаны туралы хабарлама келіп түскен. 42 жастағы ер адам лифтіге кірген соң, балағат сөздер айтып, әйелін қорқытып, ұрғаны анықталған. Белгілі болғандай, бұл ер адамның жұбайына бірінші рет қол көтеруі емес.

"Аталған факт бойынша құқық бұзушыға қатысты Қазақстан Республикасы ҚК-нің 73-2-бабы бойынша әкімшілік хаттама толтырылды. Әкімшілік құқық бұзушылық жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соттың шешімімен ер адам 10 тәулік мерзімге қамауға алынды", - делінген хабарламада.

Қызмет көрсетілетін әкімшілік учаскелерде құқық бұзушылықтардың алдын алуды күшейту мақсатында елордалық полиция департаментінің қызметкерлері әрбір учаскеде барынша пысықтауды жүргізеді.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 448.78   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети