16 ақпан 2019 09:40

Астанада аккумулятор ұрлады деген күдіктілер ұсталды

Камила Долаева Журналист

ПОДЕЛИТЬСЯ

© Астана полициясы департаментінің баспасөз қызметі © Астана полициясы департаментінің баспасөз қызметі

Астанада полиция қызметкерлері аккумулятор ұрлады деген бір топ күдіктіні ұстады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Астана қалалық полиция департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.


Астанада полиция қызметкерлері аккумулятор ұрлады деген бір топ күдіктіні ұстады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Астана қалалық полиция департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Полицейлер бұрын қолданылған аккумуляторларды қабылдау нүктесін анықтады. Ол жерде 188 жүк және жеңіл автокөліктің аккумуляторы табылды, олар тексеріс үшін тәркіленді. 

Жеке кәсіпкерге қатысты қылмыс белгілері бойынша қылмыстық іс қозғалды.

Қазіргі уақытта тергеу амалдары жүріп жатыр. Полиция департаменті өкілдері көлік иелеріне аккумулятор батареяларына көліктің мемлекеттік нөмірлік белгісін немесе төмен жағына ұялы телефон нөмірін жазып қоюға кеңес береді. 

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 449.57   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети