16 мамыр 2023 12:35

Астанада алаяқ жалған чек көрсетіп дүкеннің сатушысын алдап кеткен

Гүлнара Досымшалова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Астанада жалған чекпен дүкен сатушыларын алдаған әйел ұсталды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.


Астанада жалған чекпен дүкен сатушыларын алдаған әйел ұсталды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.

Елорданың Алматы аудандық полицейлері жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізу барысында сатушыларды жалған түбіртекпен алдаған 33 жастағы Павлодар облысының тұрғынын анықтады. Ол Манас көшесіндегі құрылыс дүкенінен жалпы сомасы 39 мың теңгені құрайтын тауарды ұқыптылықпен алып, сатушыға төлемнің қолдан жасалған жалған түбіртегін көрсеткен де, екі бума тауармен жайбарақат шығып кеткен.

Басылым мәліметінше, келесі жағдайда ол Күйші Дина көшесіндегі дүкеннің сатушысын дәл осылай алдап, оны 11 мың теңгеден астам ақшаға алдаған.

Ұсталған әйелге қатысты ҚР ҚК-нің 190-бабы (Алаяқтық) бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр. Ол уақытша ұстау изоляторына қамалды.

Тексеру барысында оның екі бірдей телефон ұрлығына қатысы бар екені анықталды. Қазіргі уақытта оның елорда аумағында осыған ұқсас басқа да қылмыстарға қатыстылығы тексеріліп жатыр.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.2   490.7   4.82 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети