19 қаңтар 2018 12:40

Астанада дүкен сатушысын шатастырып, тонап кеткен ер адам іздестіріліп жатыр

ПОДЕЛИТЬСЯ

© Астана қалалық ІІД баспасөз қызметі © Астана қалалық ІІД баспасөз қызметі

Астанада белгісіз бір ер адам дүкендердің бірінен шамамен 50 мың теңге алып кеткен, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Астана қалалық ІІД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.


Астанада белгісіз бір ер адам дүкендердің бірінен шамамен 50 мың теңге алып кеткен, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Астана қалалық ІІД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

ІІД мәліметінше, полицияға Алаш көшесінде орналасқан сауда үйінің сатушысы белгісіз бір ер адамның шамамен 50 мың теңге алып кеткенін хабарлаған. 

"Ер адам құны 1 000 теңгеден аспайтын тауар сатып алмақшы болып, сатушыдан 20 мың теңгеге ақша қайтара ала ма, жоқ па - сұраған. Содан сатушы ақшаны қайтару үшін оған майда ақша беріп, оны шатастырып жіберген. Бірақ 20 мың теңгені сатушының қолына бермей тұрған. Осы сәтте сатушы ер адам берген майда ақшаны санап тұрып, онымен қоса, сұрақтарына жауап бере отырып, алаяққа ақшасын қайтарды. Бірақ ер адам сол күйі оған 20 мың теңгені бермеген", - деді ІІД баспасөз қызметіндегілер.


© Астана қалалық ІІД баспасөз қызметі

Қазіргі уақытта полицейлер ер адамды анықтау мақсатында жедел-іздестіру шараларын жүргізіп жатыр. ҚР Қылмыстық кодексінің 190-бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.

Астана қалалық ІІД өкілдері ер адамға қатысты қандай да бір мәлімет болса "Алматы" аудандық ІІБ-не немесе мына нөмірлер бойынша хабарласуды сұрайды: 8 (7172) 71-67-45 немесе 102.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 446.44   490.7   4.77 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети