11 наурыз 2016 16:05

Астанада жүргізушіден 100 доллар пара алған полицейлер жетпіс есе көп айыппұл төлейді

ПОДЕЛИТЬСЯ

© newskaz.ru © newskaz.ru

Астанада жүргізушіден 100 доллар пара алған полицейлер ұсталды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Астана қаласы прокуратурасының баспасөз қызметінің өкілдеріне сілтеме жасап.


Астанада жүргізушіден 100 доллар пара алған полицейлер ұсталды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Астана қаласы прокуратурасының баспасөз қызметінің өкілдеріне сілтеме жасап.

Баспасөз қызметі өкілдерінің мәліметінше, биылғы 1 қаңтарда Астана қаласы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметі Департаментінің қызметкерлері әкімшілік құқық бұзушылық хаттамасын құрамағаны үшін мөлшері 100 АҚШ долларын құрайтын ақшалай қаражат нысанындағы пара алғаны үшін Астана қалалық Ішкі істер департаментінің жол полициясы жол-патрульдік қызметінің екі инспекторын ұстаған.

"9 ақпанда жылы Астана қаласының прокуратурасы ұсталғандарға қатысты ҚР ҚК 366-бабының 3-бөлігі 2-тармағымен көзделген қылмысты жасау, яғни лауазымды тұлға бола тұра, бір топ адамдармен заңсыз баю ниетімен алдын ала сөз байласу арқылы жүрізушіден мөлшері 100 АҚШ долларын құрайтын пара алынды деген айыптау жөніндегі қылмыстық істі Астана қаласы № 2 Алматы аудандық сотына мәні бойынша қарастыру үшін жолдады", - делінген хабарламада.

Сонымен қатар, 19 ақпанда Астана қаласы №2 Алматы аудандық сотының үкімімен ҚР ҚК 366-бабының 3-бөлігі 2-тармағымен көзделген қылмысты жасағаны үшін екі полицейдің айыпталғаны және әрқайсысына пара мөлшерінен жетпіс есе артық сомасы 2 620 170 теңге құрайтын айыппұл салынғаны айтылады. Сонымен қатар, олардың мүлкі тәркіленеді және өмір бойы құқыққорғау органдары мен мемлекеттік қызметте болу құқығынан айырылды. 

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.2   490.7   4.82 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети