16 қыркүйек 2014 20:33

Астанада қаламсаптан мерт болған оқушыға қатысты мектеп директоры түсініктеме берді

ПОДЕЛИТЬСЯ

№76 мектеп-лицейдің директоры Раушан Күшібаева. ТengrinewsTV бейнежазбасынан алынған кадр №76 мектеп-лицейдің директоры Раушан Күшібаева. ТengrinewsTV бейнежазбасынан алынған кадр

Қаламсаптан мерт болған оқушыға қатысты №76 мектеп-лицейдің директоры түсініктеме берді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz.


Қаламсаптан мерт болған оқушыға қатысты №76 мектеп-лицейдің директоры түсініктеме берді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz.

"Бұл қайғылы оқиға тарих сабағында болған. Балалар бір-бірімен шекісіп қалған. Ол арада төбелес те, қатты айтылған ғайбат сөздер де болмаған. Олар бірінің артында бірі отырған. Бір уақытта осындай жағдай болды. "Жедел жәрдем" көлігі келді, ол сонда көз жұмды. Бұл күтпеген ауыр қайғылы оқиға, бір ауыз сөзбен жеткізу мүмкін емес. Екеуі де 13 жаста, олар 2001 жылғы" - деді Tengrinews.kz тілшісіне №76 мектеп-лицейдің директоры Раушан Күшібаева.

Директор "оқыс оқиға орын алған кезде кабинетте мұғалім де болған" дейді. Директордың айтуына қарағанда, оған себеп - оқушылардың бір-біріне үйренісе алмағандығы болуы мүмкін, өйткені мектеп бір ай бұрын жаңадан ашылған.

"Бұл жаңа мектеп қой, балалардың барлығы Астанадан, мектепке бейімделу кезеңі жүріп жатыр. Бірақ оның қайсысы қатты бұзақы екенін дөп басып айту қиын. Сабақ уақытында басталады, мұғалім орнында, бәрі ойдағыдай болған" - дейді Күшібаева. Оның айтуынша, мектепте қауіпсіздікке қажетті барлық шаралар қамтамасыз етілген, күзет қызметі де бар.

Еске сала кетелік, бүгін таңертең №76 астаналық жаңа мектепте оқыс оқиға болды. 8-сынып оқушысы сыныптасының кеудесіне қаламсапты бар күшімен сұғып алған, сонын салдарынан ауыр жарақат алған бала іле-шала көз жұмған. Аталған оқиға бойынша Ішкі істер департаменті қылмыстық іс қозғады. Қажетті тексеру шаралары жүргізіліп жатыр.

 

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 446.44   490.7   4.77 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети