13 қаңтар 2018 14:16

Астанада қарақшылық шабуыл жасағандар 5 минутта ұсталды

ПОДЕЛИТЬСЯ

ІІД ЖБО камерасынан алынған скриншот ІІД ЖБО камерасынан алынған скриншот

Астаналық полицейлер ЖБО бейнебақылау камераларының көмегімен қарақшылық шабуылды бірнеше минутта әшкереледі, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі елордалық ІІД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.


Астаналық полицейлер ЖБО бейнебақылау камераларының көмегімен қарақшылық шабуылды бірнеше минутта әшкереледі, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі елордалық ІІД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

13 қаңтар күні полицияға Астананың 20 жастағы тұрғыны арызданған, ол түнгі сағат 00.05 шамасында Мәскеу көшесінде орналасқан үйдің кіреберісінде бейтаныс екі адамның оған күш көрсетіп, пышаққа ұқсас затпен қорқытып, жеке заттарын (ұялы телефон, сағат) және ақшасын алып кеткенін айтқан.

"Зардап шеккен адам қасынан өтіп бара жатқан азаматтың телефонынан қоңырау шалып, оқиғаны полицияға хабарлады. Зардап шеккен азаматтың қоңырауынан кейін Астана ІІД ЖБО "102" каналының испектор-полицейі күдіктілерді сипаттап, камера арқылы бақылап отырып, полиция экипажын оқиға болған жерге қарай бағыттады. Полицейлер жасағы оқиға орнына жетіп, құқық бұзғандарды ұстап, "Сарыарқа" аудандық ІІБ-ға жеткізді", - деді ІІД мамандары.

Бұл дерек ҚР ҚК 192-бабы ("қарақшылық") бойынша тіркелді. Тергеу жүріп жатыр. Заттай айғақтар алынды.

"Астанада уақытша тұрып жатқан Жамбыл және Ақмола облысының 21 жастағы тұрғындары Астана ІІД уақытша ұстау изоляторында отыр. Сонымен қатар, күдіктілердің қала территориясында басқа қылмыстарға қатыстары тексеріліп жатыр", - деді полицияның баспасөз қызметіндегілер. 

Астана ІІД ЖБО испекторлары тәулік бойы жұмыс істейді, олар полициямен күш біріктіріп, қылмыстар мен құқық бұзушылықтарды әшкере етеді. Өткен жылы бейнебақылау камераларының көмегімен 500-ге жуық қылмыстық құқық бұзушылық пен 75 мыңнан аса әкімшілік заң бұзушылық әшкереленген.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 444.26   490.7   4.83 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети