11 желтоқсан 2022 10:37

Астанада кәріз құдығының қақпағын ұрлаған екі ер адам ұсталды

Гүлнара Досымшалова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Астанада кәріз құдығының қақпағын ұрлағандар ұсталды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Polisia.kz басылымына сілтеме жасап.


Астанада кәріз құдығының қақпағын ұрлағандар ұсталды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Polisia.kz басылымына сілтеме жасап.

Полицияға "Elorda Eco System" ЖШС-дан белгісіз біреулердің кәріз қақпақтарын ұрлау фактісі бойынша арыз келіп түскен.

Аталмыш факт бойынша кәріз қақпақтарын ұрлады деген күдікпен елорданың 30 және 35 жастағы екі тұрғынына қатысты соталды тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.

Тергеу барысында анықталғандай, ер адамдар өздерінің көліктерімен (Газель және Kia Rio) түнгі уақытта Медеу, Қарталы, Оқжетпес, Ұлытау және Баршын көшелерінің аумағына 10 күн бойы келіп жүрген. Cодан кейін олар бөгде адамдардың жоқтығына көз жеткізіп, ұрлық жасаған. Күдіктілер жалпы 16 дана металды ұрлап үлгерген. Оларды металл сынықтарын қабылдау пунктіне тапсырған.

Металдарды өткізу сәті бейнебақылау камераларына түсіп қалған.

Ер адамдар кінәсін мойындады.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.2   490.7   4.82 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети