02 ақпан 2018 13:41

Астанада көлікті эвакуатормен ұрлап кеткен ер адам сотталды

ПОДЕЛИТЬСЯ

© Kurgan.ru © Kurgan.ru

Астанада ер адам эвакуатордың көмегімен бөтеннің автокөлігін ұрлап кеткен, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Астана қалалық сотының баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 


Астанада ер адам эвакуатордың көмегімен бөтеннің автокөлігін ұрлап кеткен, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Астана қалалық сотының баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

"2015 жылдың наурызында Д. бөтеннің мүлкін жасырын ұрлау мақсатында, оның қылмыстық ниеті туралы сезіктенбеген эвакуатордың жүргізушісімен алдын ала келісіп, эвакуатордың көмегімен Mercedes-Bens маркалы автокөлігін тұрғылықты орнынан алып кеткен", - делінген хабарламада.

Астана қаласы Алматы ауданының №2 аудандық сотының үкімімен ер адам ҚР Қылмыстық кодексінің 188-бабы 3-бөлігі бойынша кінәлі деп танылған, әрі оған 2 жыл 3 ай мерзімге шартты түрде бас бостандығынан айыру түрінде жаза тағайындалған.

Үкім заңды күшіне енген жоқ.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 444.26   490.7   4.83 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети