Астанада кредит тарихын "түзеймін" деп уәде беріп алдаған ер адам ұсталды

22 Ақпан, 17:24
0
Астанада кредит тарихын "түзеймін" деп уәде беріп алдаған ер адам ұсталды - © фото: Астана ІІД баспасөз қызметі
© фото: Астана ІІД баспасөз қызметі

Астанада ер адам "кредит тарихын түзеймін" деп алаяқтық жасады деген күдікке ілінді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілішісі қала полиция департаментінің өкілдеріне сілтеме жасап.

21 ақпанда Астананың криминалдық полиция қызметкерлері 32 жастағы қостанайлықты ұстаған. Ол осыған дейін сотты болған.

"Қаржы мекемелеріне еш қатысы жоқ ол желі арқылы несие беретіндігі және несие тарихын түзейтндігі жайлы мәлімет жариялаған. Ол желі қолданышуларымен бөтен адамдардың атынан келісімшартқа отырып, кейін сақтандыру қызметіне деп банк картасына алдын ала ақша аударуды сұраған. Картаны ол қайтыс болған адамның атына тіркеген. Ол ақшаны алғаннан кейін, ұялы телефоны мен хабарламасын өшіріп отырған. Алдын ала сақтық шараларын жасап, қулыққа барғанына қарамастан полиция қызметкерлері оны ұстады", - делінген хабарламада.

Алаяқ қазіргі уақытта уақытша ұстау изоляторына қамалды деп хабарланып отыр. Оны басқа да 100 алаяқтық дерекке қатысы бар-жоғы тексеріліп жатыр.

Полиция қызметкерлері адамдарға несие мәселесі жайлы арнайы тексерілген қаржы мекемелеріне жүгіну керектігін ескертеді. "Егер де сіз ұсталған күдіктінің құрбаны болсаңыз түсіп қалып оның картасына 5578 3427 0906 5764 ақша аударған болсаңыз, сізге Астана қаласы криминалдық полиция өкілдеріне мына нөмірлерге хабарласыңыз:  + 7 (7172) 71-62-91, 71-63-35, +7 701-333-35-18, +7 702-482-22-78", - дейді құқық қорғау органдарының өкілдері.

Получить короткую ссылку


  • Подписаться на канал новостей TengriNews:

  • Google News
  • Yandex News
  • Yandex Zen

Нравится Поделиться
Пікір қалдырыңыз
Оқылып жатыр
Талқыланып жатыр
Бүгін
Апта
Ай