Tengri FM Радиосы Радио Жұлдыз FM Қазақстан заңдары Экономика сабақтары
KZ RU EN
Бізге жазба жолдау +7 (727) 388 8124
искать через Tengrinews.kz
искать через Google
искать через Yandex
USD / KZT - 332.70
EUR / KZT - 389.99
CNY / KZT - 49.72
RUB / KZT - 5.59

Астанада қыз зорлау оқиғасынан кейін эксплуатациялық депоның директоры жұмыстан шығарылды

07 Қазан 2015, 11:08
1
© Тұрар Қазанғапов
© Тұрар Қазанғапов

Астанада қыз зорлау оқиғасынан кейін эксплуатациялық депоның директоры жұмыстан шығарылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Бүгін "Локомотив" АҚ баспасөз қызметі Астанада эксплуатациялық локомотив депосында болған оқиғаға қатысты пікір білдірді. Олардың хабарлауына қарағанда, 26 қыркүйекте таңғы уақытта эксплуатиациялық депо қызметкерлері магистраль желілеріне шығу мүмкіндігі жоқ тұйық жолдарда қызды байқаған. Қыз оларға өзін екі адамның электровоз кабинасында зорлағанын хабарлаған.

Болған оқиға жайлы Астана станциясындағы желілік ішкі істер басқармасының өкілдері хабарлады. Кейін екі жігіт ұсталды, олар темір жолда жұмыс істеген. Олардың бірінде 30 тамызда түсірілген видеожазбасы бар ұялы телефон болған. "Видеожазбада үш жігіт (олардың бірі машинистің көмекшісі) тұрақ пунктінен техникалық байқау пунктіне бара жатқан локомотив кабинасында болғаны бейнеленген. Осы дерек бойынша қызметтік тергеу жүргізілді", - деп хабарлады "Локомотив" АҚ баспасөз қызметінің өкілдері.

Кінәлілерге әкімшілік жаза қолданылғаны хабарланып отыр. Нақтырақ айтсақ, Астананың эксплуатациялық депосының директоры жұмыстар шығарылды, сонымен қатар эксплуатациялық депоның жұмысшылары мен әскериленген темір жол күзетінің қызметкерлері жұмыстан шығарылды.

Таяуда КТК телеарнасындағы жаңалықтарда Астанада төрт жігіттің электровозды айдап әкетіп, бір қызды жаппай зорлап тастағаны туралы сюжет шыққан болатын.


Нравится
Поделиться
Пікірлерді көру (1)
Оқылып жатыр
Талқыланып жатыр
Бүгін
Апта
Ай