14 тамыз 2016 | 19:02

Астанада ломбардқа шабуыл жасаушының пневматикалық қаруы болған

ПОДЕЛИТЬСЯ

© Тengrinews.kz © Тengrinews.kz

Астанада ломбардқа шабуыл жасап, адамдарды кепілге алған оқиғаны полициядағылар айтып берді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Астанада ломбардқа шабуыл жасап, адамдарды кепілге алған оқиғаны полициядағылар айтып берді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Астаналық ІІД-нің ресми өкілі Софья Қылышбекованың айтуынша, күдіктіден қару тәркіленген. "Тергеу жұмыстары барысында пневматикалық пистолет тәркіленді. Қару баллистикалық сараптамадан өткізілуге жіберілді. Тергеу шаралары жалғасып жатыр.

Нақтыланған ақпарат бойынша, шабуыл жасаушы - ер адам 1974 жылы туған. Іс "Қарақшылық" бабымен жүргізіліп жатыр".

Еске салайық, Кенесары көшесінің 82-ші үйде "М-Ломбард" ғимаратына заңсыз кіруіне орай, дабыл жүйесі іске қосылып есіктер бұғатталып қалған. Оқиға болған кезде ломбардтың ішінде келушілер болмаған. Аудан қоршауға алынған болатын. Қарақшыны ұстау кезінде ешкім зардап шеккен жоқ. Келіссөздер 2,5 сағат жүргізілген.  Келіссөздер жүргізу барысында қарақшы өз еркімен берілді. 

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 486.86   530.42   5.05 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети