Tengri FM Радиосы Радио Жұлдыз FM Қазақстан заңдары Экономика сабақтары
KZ RU EN
Бізге жазба жолдау +7 (727) 388 8124
искать через Tengrinews.kz
искать через Google
искать через Yandex
USD / KZT - 333.08
EUR / KZT - 391.50
CNY / KZT - 50.00
RUB / KZT - 5.64

Полицейлер Астанадағы ломбардқа жасалған шабуылдың мән-жайын айтып берді

15 Тамыз 2016, 10:39
0
© Tengrinews.kz
© Tengrinews.kz

Полициядағылар Астанадағы ломбардта болған шабуылдың мән-жайын айтып берді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Астана қалалық ІІД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Арнайы операцияларды жүргізу барысында Астана қаласының 42 жастағы тұрғыны уақытша ұстау изоляторына қамалды. ҚР Қылмыстық кодексінің 192-бабы ("Қарақшылық") және 261-бабы ("Адамды кепiлге алу") бойынша сотқа дейінгі тергеу жұмыстары жүргізіліп жатыр. Тергеу жұмыстары барысында пневматикалық тапанша тәркіленді. Қажетті сараптамалар тағайындалды. 

"Келіссөздер жүргізудің арқасында ломбардтың қызметкерлері босатылды. Зардап шеккендер жоқ. Қазір шабуыл жасаған жігіттің Астана қаласының 1979 жылғы тұрғыны екені белгілі болды. Келіссөздер жүргізу барысында қарақшы өз еркімен берілді. Тергеу жұмыстары жүргізіледі", - дейді Астана қалалық ІІД-нің ресми өкілі Софья Қылышбекова. Келіссөздер 2,5 сағат жүргізілген.

Еске салайық, Кенесары көшесіндегі 82-ші үйде "М-Ломбард" ғимаратына заңсыз кіруіне орай дабыл жүйесі іске қосылып есіктер бұғатталып қалған. Оқиға болған кезде ломбардтың ішінде келушілер болмаған. Аудан қоршауға алынған болатын. Қарақшыны ұстау кезінде ешкім зардап шеккен жоқ. Келіссөздер жүргізу барысында қарақшы өз еркімен берілді.

Айта кетейік, жүргізілген арнайы операциялар барысында зардап шеккендер жоқ.


Нравится
Поделиться
Пікір қалдырыңыз
Оқылып жатыр
Талқыланып жатыр
Бүгін
Апта
Ай