09 маусым 2015 | 19:09

Астанада өртелген мұғалімнің күйеуіне қатысты жаңа деректер пайда болды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Қанат Сәдуов. © Астана қалалық ІІД баспасөз қызметі Қанат Сәдуов. © Астана қалалық ІІД баспасөз қызметі

Астанада мұғалімді тірідей өтеп жіберген ер адамға қатысты жаңа деректер пайда болды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Иконка комментария блок соц сети

Астанада мұғалімді тірідей өтеп жіберген ер адамға қатысты жаңа деректер пайда болды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Астана қалалық ІІД редакцияның сауалына жауап беріп, бұрынғы әйелін өлтірді деген күдікпен іздеу жарияланған Қанат Сәдуовтің біраз уақыт ішкі істер органдарында кіші лейтенант болып жұмыс істегенін хабарлады.

"Қанат Сәдуов ішкі істер органдарындағы қызметінен 2003 жылы босатылды, ол ІІБ қызметкері жол полициясы инспекторы лауазымының беделін түсіргені үшін жұмыстан шығарылған", - деп хабарлады департаменттегілер.

Баспасөз қызметіндегілердің айтуынша, астаналық ІІД мамандары оны іздестірудің кешенді шараларын жүргізіп, аса ауыр қылмыс жасаған күдікті Сәдуовтің қай жерде екені анықтап жатыр.

ІІД мәліметінше, Сәдуов бұған дейін жеңіл дене жарақатын салғаны үшін және бұрынғы әйеліне жәбір көрсеткені үшін жауапкершілікке тартылған, сонымен қатар ішкі істер органдарының қызметкерлері тарапынан шығарылған қорғаныс іс-шараларын орындамаған. ІІД баспасөз хатшысының айтуынша, ер адам қайғылы оқиғаға дейін екі айдың ішінде екі рет әкімшілік жауапкершілікке тартылған.

"Сәдуовке қатысты 21 мамырда әкімшілік материал жинақталды, хаттама толтырылып, шешім қабылдау үшін сотқа жөнелтілді. Сонымен қатар, 27 сәуірде оған қатысты учаскелік инспектор Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің 461-бабы бойынша хаттама толтырды, материал мамандандырылған әкімшілік ауданаралық сотына жіберілді және ол 2 тәулікке қамауға алу түріндегі жауапкершілікке тартылды", - деді Софья Қолышбекова.

Еске сала кетейік, 26 мамырда Астанада №25 мектептің маңында ер адам мұғалімді өртеп жіберген болатын. Ер адамның аты-жөні анықталды - ол әйелдің күйеуі болып шықты. Соттың қаулысы бойынша, ол мұғалімге жақындамауы тиіс болған. Әйел адамның денесінің 70 пайызын күйік шалды. Ал таяуда зардап шеккен әйелдің қайтыс болғаны анықталды. Оның артында төрт баласы қалды. Оларды қаза болған әйелдің әпкесі өз қамқорлығына алды. Балалардың ең үлкенінің сыныптастары қазіргі таңда оларға көмек көрсету үшін қаржы жинап жатыр.

 
Читайте также
Join Telegram
Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Валюта бағамы

 498.59   521.12   4.87 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети