24 қазан 2022 13:29

Астанада тұрғынды тонаған ер адам ұсталды

Дина Шарипханова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фото: polisia.kz/ Фото: polisia.kz/

Астанада тұрғынды тонаған ер адам ұсталды, - деп хабарлайды Polisia.kz.


Астанада тұрғынды тонаған ер адам ұсталды, - деп хабарлайды Polisia.kz.

Түнгі уақытта астаналық үйіне қайтып келе жатқан кезде оған белгісіз біреу жақындап, ақша талап ете бастаған. Жігіт ақша беруден бас тартса да, күдікті тынышталмай, соңынан еріп, кіреберісте оны ұра бастаған. Баспалдақтағы қатты айқайларды естіген көршісі пәтерінен шығып, тонаушыны қорқытып жіберген.

"Шабуылдаушы жәбірленушінің қолынан рюкзагын жұлып алып, қаша жөнелген. Алайда далада ол шақыруға келген полицейлердің қолына түсті. Патрульдік полицейлер Халқаман Ахметов мен Рауан Қайдаров күдікті жігітті ұстаған. Осы кезде жәбірленуші мен қылмыстың куәгері далаға шығып, тонаушыға нұсқаған.  Мас күйде болған күдікті полицейлерге қарсылық көрсетуге тырысқан, бірақ полицияға жеткізілді. Ұрланған рюкзак иесіне қайтарылды", - делінген хабарламада.

Ұсталған адам бұрын сотталған 26 жастағы қала тұрғыны болып шықты, ол ПД уақытша ұстау изоляторына қамалды. Қазіргі уақытта "Тонау" бабы бойынша соталды тергеу амалдары жүргізіліп жатыр, күдіктінің елорда аумағында осындай қылмыстарға қатысы бар-жоғы тексеріліп жатыр.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 447.4   490.7   4.76 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети